- Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2026 жылғы 28 қазаны, жергілікті сағат 15.00 – де, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды..
- Конкурсқа мынадай маршруттың пакеті шығарылады:
№ 1 лот «Тараз қаласы – Шымкент қаласы»
- Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
- Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың
15 қазаны сағат 12.00-ге дейін. - 2026 жылдың 29 қыркүйек сағат 16.00 – де конкурстық Комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
- Анықтама алу үшін телефоны: 8 (7262) 43-06-85.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-transport/press/news/details/1299103?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау