«1 кітап – 1 өмірлік сабақ» аудандық эссе байқауы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«1 кітап – 1 өмірлік сабақ» аудандық эссе байқауы

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні “10 кітап – 1 мақсат” жобасы аясында жалпы білім беретін ұйымдардың педагогтері арасында «1 кітап – 1 өмірлік сабақ» тақырыбында аудандық эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – педагогтердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармалары арқылы өмірлік құндылықтарды зерделеу, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру.

Байқауға ауданның білім беру ұйымдарынан 11 педагог қатысып, өздерінің шығармашылық ізденісі мен көркем ойлау қабілеттерін танытты.

Байқау қорытындысы бойынша 5 педагог жүлделі орындарға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтай отырып, шығармашылық табыс, жаңа ізденістер мен толағай жетістіктер тілейміз!

Кітап оқу – рухани дамудың, өмірлік тәжірибені байытудың және кемел ой қалыптастырудың маңызды құралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-roo/press/news/details/1299313?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version