Абай облысында қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуге, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған «Этнохалық» этнофестивалі өтті.
Фестивальге өңір студенттері қатысты. Мәдени іс-шара барысында жастар ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр туралы ән айтып, би билеп, өз өнерін ортаға салды.
Бағдарлама аясында ұлттық ойындар мен спорттық сайыстар да ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар ұлттық мәдениетті кеңінен насихаттауға, жастардың бастамаларын қолдауға, ел ішіндегі бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал етеді.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1299314?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау