Баспана, жұмыс, отбасы құқығы: Астанада тұрғындарға тегін заңгерлік кеңес берілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астанада тұрғындарға бір жерде 30-дан астам мемлекеттік орган мен бейінді ұйым өкілінен тегін кеңес алуға мүмкіндік берген «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараны Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы ұйымдастырды. Халық көп жиналатын орындардың бірінде өткен акцияға 30-дан астам мемлекеттік орган мен бейінді ұйымның өкілдері қатысты.

Тұрғындар баспана, еңбек, отбасы құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыспен қамту және басқа да мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Азаматтарға тиісті мемлекеттік органдардың мамандары құқықтық түсіндірме беріп, мәселелерді шешу жолдарын айтып отырды.

«Бүгінде акцияға 30-дан астам мемлекеттік мекеменің өкілдері қатысып жатыр. Негізгі мақсатымыз – тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру, әртүрлі мәселе бойынша сұрақтарына жауап беру. Азаматтарға отбасылық заңнамаға қатысты мәселелер, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайда прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға жүгінудің тиімді жолдары түсіндіріліп жатыр», – деді Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры Нұрлан Тойшыбеков.

Астана қаласының Алматы және Сарайшық» аудандары бойынша Мансап орталығының директоры Аманбол Амангелдиннің айтуынша, тұрғындарды жұмысқа орналасу, бос жұмыс орындары және мемлекеттік жұмыспен қамту шаралары қызықтырған.
Оның сөзінше, қазіргі еңбек нарығында құрылыс, өнеркәсіп, инженерия, бухгалтерия және IT салалары бойынша мамандарға сұраныс бар.
Акцияға келген қала тұрғындарының бірі Эльдар Гилимзянов прокуратура өкілдеріне заңнамадағы өзгерістерге қатысты сұрақ қойғанын айтты.
«Бүгін прокуратурадан жаңа заңдар туралы сұрағым келді. Соның ішінде қауіпсіздікке қатысты жаңа мүмкіндіктер, ақылды камералар туралы ақпарат алғым келді. Сұрақтарымды қойып, нақты жауаптар алдым», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұған дейін де өткізілген «Халық заңгері» акциясы алдағы уақытта да жалғасады. Мұндай формат азаматтарға бірнеше мемлекеттік органның маманына бір жерде жүгініп, өз мәселесі бойынша нақты бағыт алуға мүмкіндік береді.

#законипорядок #заңментәртіп

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1299737?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version