Шиелі ауданының прокуратурасымен кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісі анықталды.
Атап айтқанда, Шиелі аудандық санитариялық-эпидемиологиялықбақылау басқармасының қызметкерлері заңнама талаптарын бұза отырып, екі кәсіпкерге қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалау іс-шараларын жүргізген.
Аталған кәсіпкерлер кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген күннен бастап 3 жыл мерзім өтпегеніне қарамастан, оларға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарылған.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңсыз шығарылған екі ұсынымның күші жойылды.
Жол берілген заң бұзушылықтар үшін мекеме басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласуына жол бермеу мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1299736?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау