АБАЙ ОБЛЫСЫНДА БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 қыркүйекте Абай облысында кәсіпкерлік субъектілері мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Бірыңғай есеп беру күні өтті.

 Іс-шара Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 131-1-бабына сәйкес ұйымдастырылып, мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты дамытуға, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ бақылау және қадағалау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталды.

 Іс-шараға Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері қатысып, кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік кірістер органдарының қызметі мен салықтық әкімшілендірудің өзекті бағыттары бойынша ақпарат берілді.

 Кездесу барысында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Е. Бүркітова «Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2026 жылдың 8 айындағы бақылау-экономикалық жұмысының қорытындылары» тақырыбында баяндама жасады.

 Баяндама барысында есепті кезеңдегі бақылау-экономикалық жұмыстың негізгі нәтижелері, қосымша резервтерді анықтау, салықтық бақылау шаралары және көлеңкелі экономика деңгейін төмендеті шаралары мәселелері қамтылды.

 Сонымен қатар, кәсіпкерлерге мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі, салықтық әкімшілендіру барысында туындайтын мәселелер және заңнама талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.

 Іс-шара барысында кәсіпкерлік субъектілерінің сұрақтарына жауаптар беріліп, олардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.

 Бірыңғай есеп беру күні мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы өзара түсіністік пен сенімді нығайтуға, кәсіпкерлерді ақпараттандыруға және өзекті мәселелерді ашық талқылауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1300030?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version