Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы хабарлама

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына және Зеренді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі 27/161 қаулысына сәйкес Зеренді аудандық мәслихаты Зеренді ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №№ 1, 2, 3, 7, 8, 9, 12 округтік сайлау комиссияларының құрамында және №№ 518, 530, 536, 539, 544, 553, 554 учаскелік сайлау комиссияларының құрамында бос орындар бар екендігі туралы хабарлайды.

            Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

            Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына сол саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураны ұсынуға құқылы.

            Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссияларын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

            Ақмола облыстық мәслихаты 2026 жылғы 28 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 12 қазанға дейін келесі құжаттарды қабылдайды:

            1) сайлау комиссиясының құрамына кандидат туралы электрондық және қағаз форматта жасалған, белгіленген нысандағы мәліметтер;

            2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидат ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

            3) саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (өкілдіктерінің) тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;

            4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы белгіленген нысандағы өтініші.

            Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Сайлау комиссиясының мүшесi сол комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкiмшілік-аумақтық бiрлiк аумағында тұруға тиiс.

            Сайлау туралы Конституциялық заңының 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

            Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және толық тума емес аға және апалары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

            Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.

            Зеренді ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №№ 1, 2, 3, 7, 8, 9, 12 округтік сайлау комиссияларының құрамы және №№ 518, 530, 536, 539, 544, 553, 554 учаскелік сайлау комиссияларының құрамы жөніндегі ұсыныстарды қабылдау дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 08:30-дан 18:00-ге дейін (үзіліс сағат 13:00-ден 14.30-ға дейін) maslihat_zer@mail.kz электрондық поштасына 2026 жылғы 12 қазанға дейін  жүзеге асырылады.

Мәслихаттың орналасқан жері: Зеренді ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 71.

Жауапты тұлға: Азнабаев Медет Төлеханұлы, тел.: 8 (71632) 21-5-75.

СК құрамына кандидатуралар тізімінің нысаны

СК кандидаттың өтініштің нысаны

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zerendi/press/news/details/1300028?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version