Түнгі дрифт: 22 жастағы жүргізуші 5 тәулікке қамалды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Түнгі дрифт: 22 жастағы жүргізуші 5 тәулікке қамалды

🚨Жамбыл облысында түнгі уақытта қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзып, көлігімен қауіпті «дрифт» жасаған 22 жастағы Өркениет Тилеубаев анықталды.

🎥Аталған құқық бұзушылық Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түскен. Полицейлер орталықтың бағыттамасы бойынша көліктің жүрген жерін анықтап, жүргізушіні дер кезінде ұстады.

📌Жүргізуші түнгі тыныштықты бұзып, өрескел маневрлерімен өзгелердің өміріне қауіп төндіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

🔗Сот қаулысымен құқық бұзушыға 5 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

🚔Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1300029?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version