Аққұм ауылында «Нұр-Абыл» саябағы ашылды.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Аққұм ауылында «Нұр-Абыл» саябағы ашылды.
Аққұм ауылында ел игілігіне арналған жаңа демалыс орны – «Нұр-Абыл» саябағының ашылу салтанаты өтті.
Ауылымыздың тумасы, елге жанашыр азамат Нұржан Нұржігітұлының демеушілігімен бой көтерген саябақ ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне, таза ауада демалуына және ауылдың көркеюіне өз үлесін қосатын маңызды нысандардың біріне айналмақ.
Саябақтың ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл, ауыл тұрғындары, ауыл ақсақалдары, жастар және қоғамдық белсенділер қатысты.
Салтанатты шара барысында аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл жаңа саябақтың ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, нысанның ел игілігіне қызмет ететініне тоқталды. Сонымен қатар, ауылдың әлеуметтік-мәдени дамуына қолдау көрсетіп, туған жеріне тарту жасаған Нұржан Нұржігітұлына алғысын білдірді.
Туған жерге деген жанашырлық – елдіктің көрінісі. Осындай игі бастамалар ауылдың ажарын ашып қана қоймай, тұрғындардың бірлігі мен туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түседі.
Жаңа саябақ ауыл тұрғындары үшін жайлы демалыс орны болып, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-akkum/press/news/details/1300680?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version