Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, лауазымды адамдарға, аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілеріне, Қазақстан Республикасының авиациялық оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілетті ұйымның, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілеріне, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілеріне, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық және өңірлік даму институттарында, олардың еншілес ұйымдарында қызметін жүзеге асыратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдарға:
коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымды басқаруға қатысуға;
кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
оқытушылық, ғылыми, шығармашылық қызметті, резервтегі әскери қызмет өткеруді қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды) сатып алуды және (немесе) өткізуді қоспағанда, бағалы қағаздарды сатып алуға тыйым салынады.
Медициналық әскери-есептік мамандыққа сәйкес келетін лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін атқаруға кедергі келтірмейтін ақылы медициналық қызметпен айналысуға құқылы.
Осында аталған адамдар лауазымға кіріскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті осы функцияларды орындау уақытында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.
Осында аталған адамдар өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайды мүліктік жалдауға (жалға) тапсыруға және осындай тапсырудан кіріс алуға, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және өзге де заңды көздерден кіріс алуға құқылы.
Осында аталған адамдардың осы жерде көзделген міндеттемелерді орындамауы олардың мемлекеттік қызметті немесе өзге де тиісті қызметті тоқтатуы үшін негіз болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1300677?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version