Павлодар тұрғынына бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, қазір ол Абай облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

36 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны күйеуі мен құрбысымен бірге дастарқан басында болған кезде қызғаныш салдарынан жанжал шығарған. Жанжал барысында әйел күйеуіне бірнеше рет соққы жасап, оның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірген.

Сот оны кінәлі деп танып, 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Жазасын өтеу үшін сотталған Павлодар қаласы бойынша пробация қызметінің есебіне қойылды. Есепке қою кезінде оған жазаны өтеу тәртібі мен шарттары толық түсіндіріліп, бақылаудан жалтарған жағдайда жауапкершілік қарастырылатыны және жазаның неғұрлым қатаң түріне ауыстырылуы мүмкін екені ескертілген.

Алайда сотталған әйел пробация қызметінің талаптарын жүйелі түрде бұзып, бақылаудан жалтарып отырған. Нәтижесінде сот шешімімен бас бостандығын шектеу жазасы өтелмеген мерзімге — 2 жыл 7 айға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.

Жазасын өтеу үшін сотталған Абай облысындағы әйелдерге арналған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне жеткізілді. Онымен тәрбиелік-түсіндіру әңгімесі жүргізіліп, кейін тігін цехына жұмысқа орналастырылды.

Алған жалақысы есебінен сот үкімімен өндірілген азаматтық талаптарын өтеуге және отбасына материалдық көмек көрсетуге бағыттап отыр.

– Бас бостандығын шектеу жазасы адамға отбасынан ажырамай, түзелуге мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік міндетті түрде тәртіп пен талаптарды сақтауды қажет етеді. Өкінішке қарай, бұл жағдайда сотталған әйел бірнеше рет талаптарды бұзып, пробация қызметінің бақылауынан жалтарып отырды. Сондықтан сот оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы шешім қабылдады, — деді  арнайы есеп бөлімінің бастығы Светлана Голикова.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisabai/press/news/details/1300378?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version