Бүгін, 26 қыркүйекте, Қарағанды қаласындағы Әшімов көшесіндегі Жаңа алаңда облыстың жеті ауданынан келген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен Қарағанды және Шахтинск қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынып жатыр.
Жәрмеңкеге 90-нан астам өндіруші қатысып, барлығы 450 тоннадан астам азық-түлік әкелді. Оның ішінде:
- 52 тонна ет
- 240 тонна картоп
- 110 тонна көкөніс
- 16 тонна сүт өнімдері
- 9 тонна балық өнімдері
- 170 мың дана тауық жұмыртқасы
- 20 тонна басқа да азық-түлік бар.
Өнімдер орташа нарық бағасынан 10–15 пайызға төмен бағамен сатылуда.
Жәрмеңкенің басты мақсаты – тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен ұсыну және жергілікті шаруалар мен қайта өңдеу кәсіпорындарын қолдау.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-agro/press/news/details/1300379?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау