«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белгіленбеген орындарға қоқыс төгудің алдын алу мақсатында демалыс күндері Баянды ауылы әкімі аппаратының қызметкерлері учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд барысында белгіленбеген орынға қоқыс қалдықтарын төккен тұлға анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Құрметті аудан тұрғындары!
Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Белгіленбеген орындарға қоқыс қалдықтарын төкпеуге шақырамыз!
Рейдттік іс-шара тұрақты жүргізіліп отырғандығын ескертеміз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1300180?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау