ЖРВИ: суық тию маусымында жұқтыру қаупін қалай азайтуға болады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Суық ауа райының басталуымен жіті респираторлық вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) ауыру қаупі айтарлықтай артады. Вирустар адамнан адамға оңай жұғады, әсіресе жабық үй-жайларда. Алайда қарапайым профилактикалық шараларды сақтау жұқтыру ықтималдығын едәуір төмендетуге көмектеседі.

ЖРВИ – жоғарғы тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустық аурулар тобы. Ең жиі кездесетін белгілеріне мұрыннан су ағу, мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы және жыбырлауы, жөтел, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік және бас ауруы жатады.

Инфекцияның негізгі берілу жолы – ауа-тамшы жолы. Вирус жөтелгенде, түшкіргенде, тіпті сөйлескен кезде де таралады. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау және ауру адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу өте маңызды.

Жұқтыру қаупін төмендетудің тиімді жолдары:

– Бөлмелерді үнемі желдетіп тұрыңыз. Таза ауа жабық кеңістіктегі вирустардың концентрациясын азайтады;

– Қолыңызды жиі жуыңыз. Сабын немесе антисептик қолданыңыз, әсіресе қоғамдық орындарға барғаннан кейін;

– Қолыңыз лас болған кезде бетіңізді ұстамаңыз. Вирус мұрын, ауыз және көздің шырышты қабаттары арқылы ағзаға оңай түседі;

– Ауырған адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болыңыз. Суық тию белгілері болған жағдайда арақашықтық сақтаған жөн;

– Аурушаңдықтың маусымдық өсу кезеңінде адам көп жиналатын орындарда болу уақытын шектеңіз;

– Иммунитетті қолдаңыз. Құнарлы тамақтану, жеткілікті ұйқы, дене белсенділігі және таза ауада серуендеу ағзаның инфекцияларға тиімді қарсы тұруына көмектеседі;

– Науқас адамға күтім жасаған кезде немесе өзіңізде ауру белгілері болған жағдайда маска қолданыңыз.

ЖРВИ-дің алдын алу үшін күрделі шаралар қажет емес. Бөлмені үнемі желдету, жеке бас гигиенасын сақтау, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану және денсаулығыңызға мұқият қарау иммунитетті нығайтып, инфекция жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі.Аурудың алдын алу оны емдегеннен әрдайым жеңілірек екенін есте сақтаңыз.

 

Батырхан Самал – департаменттің бас маманы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-kostanay/press/news/details/1300179?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version