Түркістан облысында 40-тан астам есірткі жарнамасы өшірілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

Түркістан облысында есірткінің заңсыз айналымының алдын алу және есірткі құралдарын насихаттайтын ақпараттардың таралуына жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтілді.

Мәселен, Төлеби ауданының полиция қызметкерлері аумақты аралау барысында тұрғын үйлердің, нысандардың қабырғалары мен өзге де қоғамдық орындарға жазылған есірткі жарнамасына қатысты граффити жазбаларын анықтады.

Полицияның ұйымдастыруымен аудан аумағындағы 40-тан астам есірткіні жарнамалайтын жазба өшірілді. Тәртіп сақшылары мұндай жазбалардың таралуына жол бермеу, есірткі құралдарын насихаттайтын ақпараттарды дер кезінде анықтап, жою бойынша профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Полиция азаматтарды есірткі заттарын насихаттайтын немесе олардың заңсыз айналымына қатысты күмәнді жазбалар мен ақпараттарды көрген жағдайда, дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1300504?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version