ТЖМ қызметкері Азия ойындарының қола жүлдесімен елге оралды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, BATYR TEAM өкілі Санжар Әділов ХХ жазғы Азия ойындарындағы тарихи жеңісімен елге оралды.

Бүгін әуежайда чемпионды әріптестері мен жақындары салтанатты түрде қарсы алып, жеңісімен құттықтады. Бұл жетістік – спортшының тынымсыз еңбегі, табандылығы мен жоғары нәтижеге деген ұмтылысының жемісі.

Айта кетейік, ММА Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Санжар Әділов аталған спорт түрінен қола жүлдеге ие болып, Қазақстан қоржынына тарихи медаль салған алғашқы қазақстандық спортшылардың бірі атанды.

Ел намысын абыроймен қорғаған қызметкерімізді мақтан тұтамыз! Алда бұдан да биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1300021?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version