Жаңаөзен қаласында отбасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында «Қауіпсіздік коды: 102-111-150» республикалық профилактикалық акциясы аясында кешенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Акцияға Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары және «Отбасын қолдау орталығы» КММ мамандары қатысуда.
Іс-шара барысында отбасылық-тұрмыстық сипаттағы құқық бұзушылықтарға байланысты полицияға шақырылған азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелесулер өткізіліп, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қажет болған жағдайда азаматтарға заңгерлік және психологиялық көмек алу мүмкіндіктері ұсынылады.
Полиция қызметкерлері отбасылық жанжалдардың алдын алу, өзара сыйластықты қалыптастыру, құқықтық жауапкершілікті түсіндіру және зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударуда.
Акцияның негізгі мақсаты – отбасылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін нығайту.
Құқық қорғау органдары азаматтарды қауіп немесе зорлық-зомбылық белгілері байқалған жағдайда үнсіз қалмай, дер кезінде көмекке жүгінуге шақырады.
Есте сақтаңыз:
102 – полицияның жедел нөмірі;
111 – отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы;
150 – сенім телефоны.
Зорлық-зомбылыққа бейжай қарамау және дер кезінде көмекке жүгіну – құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды қадамы.
Қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1300401?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау