Жылыту маусымына орай түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары арасында жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша кең көлемде үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында тұрғындарға пештер мен жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, мұржалар мен түтін жолдарын уақтылы тазалау, электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу, сондай-ақ газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндірілді. Сонымен қатар, тұрғындарға жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау және тұрғын үйлерге көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнатудың маңыздылығы ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1300046?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version