106 миллион теңгеден астам қаржыға алаяқтық жасаған күдікті Ресей федерациясынан экстрадицияланды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

Тергеумен, 2021-2022 жылдары күдікті шетелден автокөлікті сатып алу және жеткізіп беру сылтауымен үш жәбірленушіні алдап, олардың 106 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Ағымдағы жылдың наурыз айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Айып тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы көзделген.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/1301340?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version