ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Түркістан облысында «Қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды (отбасыларды) ерте анықтау, тәуекелдерді бағалау және кешенді қолдауды ұйымдастыру: мобильдік топтардың ведомствоаралық өзара іс-қимылы» тақырыбында оқыту семинары өтті. Іс-шараға балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органдардың қызметкерлері, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларды ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыруға жауапты мобильдік топтардың мүшелері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – балалар мен отбасыларға көрсетілетін қолдаудың тиімділігін арттыру, қиын өмірлік жағдайдың белгілерін ерте анықтау және қажетті көмекті уақытылы ұйымдастыру бойынша мамандардың кәсіби құзыретін жетілдіру.
Семинар барысында Түркістан облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық, буллинг және кибербуллинг жағдайларын ерте анықтау және ведомствоаралық әрекет ету алгоритмі туралы баяндама жасады.
Түркістан облысы әкімі аппаратының Қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы Ержігіт Сартаев кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды. Ал Түркістан облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқарамысының ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Мұхтар Туғанбаев балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасылық қолайсыздық белгілеріне жедел ден қою бойынша баяндады.
Семинар барысында қатысушыларға балалар мен отбасылардағы тәуекел факторларын анықтау, олардың қажеттіліктерін бағалау, жағдайға сәйкес әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және өзге де көмекті ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жолдары түсіндірілді.
Оқыту барысында нақты жағдайлармен жұмыс істеу, практикалық кейстерді талдау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында өңірлер арасындағы тәжірибе алмасу, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және мамандардың практикалық дағдыларын жетілдіру жұмыстары жүргізілді.
Семинар қорытындысында қатысушыларға сертивикаттар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1301384?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version