Ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандарының қатысуымен «№4 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-де ақпараттық-түсіндіру семинары өткізілді.
 
Семинар барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес құқықтық оқыту ұйымдастырылды.
 
Сонымен қатар, дәрілік заттар мен вакциналардан туындаған жағымсыз реакциялар туралы хабарламаларды Кешенді медициналық ақпараттық жүйесі (КМИС) арқылы «Сары карта» модулінде уақтылы және толық толтыру тәртібі түсіндірілді. Дәрілік заттарды рецепт бойынша босату тәртібіне, оның ішінде рецептілік дәрілік заттарды дәрігердің рецепті негізінде босату талаптарына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, жарамдылық мерзімі өткен, сапасы талаптарға сәйкес келмейтін және қолдануға жарамсыз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес есептен шығару және жою қағидалары түсіндіріліп, оларды қауіпсіз кәдеге жарату тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға фармакологиялық қадағалау жүйесіне белсенді қатысудың және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығы жөнінде ақпарат берілді.
 
Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1301222?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version