2026 жылғы 29 қыркүйекте Курчатов қалалық мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына Курчатов қаласының әкімі Б.Т. Абдралиев, және қала кәсіпорындары мен ұйымдарының басшылары қатысты.
Сессияда келесі сұрақтар қаралды:
1. Курчатов қаласындағы жылумен қамтамасыз етуші ұйымдардың, тұрғын үй қорының және әлеуметтік-мәдени нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы.
2. Курчатов қаласын дамытудың 2026–2030 жылдарға арналған жоспарының іске асырылу барысы туралы.
Бірінші сұрақ бойынша Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшының м.а. Е.С. Бейсембаев сөз сөйледі.
Оның ақпараты бойынша, барлық нысандар, соның ішінде қаланың әлеуметтік нысандары, жылу желілері мен қазандықтар жылу беру маусымына толық дайын.
Екінші сұрақ бойынша Курчатов қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Е. Кожахметова баяндама жасады.
Осылайша, қаланы дамыту жоспарында көзделген индикаторлардың ішінен 22 индикатор орындалды, 34 индикатор орындалу сатысында тұр. Жыл қорытындысы бойынша 2 индикатордың орындалмау қаупі бар.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша депутаттар 34 индикатор бойынша орындау жұмыстарын жандандыруды, 2026 жылдың қазан айының соңына дейін әрбір нысан бойынша дағдарысқа қарсы жоспар-кестелер әзірлеуді және кейінгі кезеңдерге арналған жоспарлау сапасын арттыруды ұсынды.
Сессия барысында басқа да мәселелер қаралып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды, сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың құрамдары бекітілді
Курчатов қалалық мәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1301205?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау