Экономика және қаржы бөлімінің басшысы таныстырылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Ешниязовтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, кадрлық өзгерістер таныстырылды. Сырдария ауданы әкімінің өкімімен Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметіне Әкбаров Ғалымжан Нәуретұлы тағайындалды.
Ғалымжан Нәуретұлы 1974 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 1994 жылы «Сейхун» институтын қаржы және несие мамандығы бойынша жоғары білім алған. Еңбек жолын 1999 жылы аудандық қаржы бөлімінде маман болып бастаған. Әр жылдары аудандық аудандық қаржы бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, салық басқармасында бөлім басшысы және Қалжан ахун ауылдық округінің әкімі қызметтерін абыроймен атқарған. 2025 жылдан бүгінгі күнге дейін аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.
Нұржан Ерділдаұлы жаңа басшыға сәттілік тілеп, бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1301356?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version