Жылу беру маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар арасында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында тұрғындарға пештерді, газ және электр жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, электр желілеріне шамадан тыс күш түсірмеу және мұржаларды уақытылы тазалау қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, демеушілік қолдау есебінен сатып алынған көміртегі тотығын анықтайтын арнайы датчиктер әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлеріне орнатылды.
Аталған жұмыстар тұрғындардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауына және көміртегі тотығымен уланудың алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1301357?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау