Қазақстан шекарасынан өту кезінде қанша қолма-қол ақша мен жеке заттарды алып өтуге болатынын білу маңызды. Қазақстаннан 10 000 АҚШ долларынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын немесе басқа валютадағы соманы алып шығуға болмайды. Сондай-ақ алтын құймаларды, алтын мен күмістен жасалған инвестициялық монеталарды және 100 грамнан астам тазартылған алтынды алып шығуға тыйым салынады. Алып кіру немесе алып шығу кезіндегі қолма-қол ақша сомасы 10 000 АҚШ долларынан асатын болса, оны міндетті түрде кедендік декларацияда көрсету қажет. Валюта және декларациялау бойынша бұл ережелер Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сапарлар кезінде қолданылмайды. Егер сіз шекарадан айына бір реттен жиіөтпейтін болсаңыз, бір адамға: 2 мобильді телефоннан артық емес; 2 планшеттен артық емес; 1 ноутбук; 5 зергерлік бұйымға дейін; 1 велосипед; 1 балалар арбасы алып кіруге болады. Бұл шектеулер сіз бұрын пайдаланған жеке заттарға қолданылмайды. Шекарадағы кідірістер мен айыппұлдың алдын алу үшін алып өту нормаларын алдын ала тексеруге және декларациялау ережелерін сақтауға кеңес береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1301346?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау