Еңбек қауіпсіздігі және әлеуметтік әріптестік: Энергоминде Салалық комиссияның отырысы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Астанада мұнай-газ саласының салалық кәсіподақтарының, «KAZENERGY», «PETROMINING» қауымдастықтарының, сондай-ақ мұнай-газ-химия өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар және мұнай-газ саласы жұмыс берушілері қауымдастығының қатысуымен мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Салалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырыста мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясы салаларындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асырудың негізгі мәселелері қаралды. 

Баяндамалармен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің өкілдері және Маңғыстау облысы әкімдігінің өкілдері сөз сөйледі. Олар мұнай-газ саласында еңбек жанжалдарының алдын алу, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ағымдағы жылдың 9 айындағы өндірісте жарақаттану деңгейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және оның Ақтау қаласындағы өкілдігінің әлеуметтік әріптестікті нығайту, еңбек дауларының алдын алу, сондай-ақ еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттануды азайту бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ компанияның өндірістік объектілеріндегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту бойынша ағымдағы кезеңде қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ еңбек жанжалдарының алдын алу және әлеуметтік шиеленісті төмендету жөніндегі іс-шаралар туралы баяндады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1301248?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version