2026 жылғы 29 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Ержан Дүйсекеновтің төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2025 жыл және 2026 жылдың 8 айы кезеңіндегі құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар қабылдап жатқан киберқылмысқа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігі мәселесі қаралды.
Отырыс барысында интернет-алаяқтықтардың алдын алу, дропперлердің қызметін анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру, сондай-ақ осы саладағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру қажеттігі атап өтілді.
Алаяқтық операцияларды уақтылы анықтау, ұрланған ақшалай қаражаттың түпкілікті алушыларын анықтау, күдікті транзакцияларды бұғаттау және құқық қорғау органдары, екінші деңгейдегі банктер мен ұялы байланыс операторлары арасында ақпарат алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына екінші деңгейдегі банктер мен ұялы байланыс операторларының өкілдері қатысты. Өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, алаяқтық фактілеріне жедел ден қою, банктік шоттар мен абоненттік нөмірлердің қылмыстық мақсаттарда пайдаланылуына қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ халықпен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша облыс прокуроры ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуге, киберқылмыстарды ерте анықтау және жолын кесу тетіктерін жетілдіруге, интернет-алаяқтықтарды тергеп-тексерудің және қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтаудың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар берді.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1301247?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау