ФАРМАЦЕВТТЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
25 қыркүйек – Дүниежүзілік фармацевттер күні. Бұл мереке – халық денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша фармацевт мамандарға деген құрметтің белгісі.
 
Осыған орай ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Жақсылық Жанерке Алмасқызы Дүниежүзілік фармацевттер күнімен құттықтап, оның тарихы мен қоғамдағы маңыздылығына тоқталды. Мерекеге орай бірқатар фармацевт мамандарына Алғыс хаттар табысталды.
 
Фармацевт мамандығы – қоғам үшін аса маңызды және жауапты саланың бірі. Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей ықпал ететін бұл кәсіпте адал еңбек пен үздіксіз кәсіби білім қажет ететін сала.
 
Кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, барлық фармацевт мамандарға денсаулық, табыс пен сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1301246?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version