Самар ауданы мәслихатының 35-ші кезекті сессиясы
2026 жылғы 29 қыркүйекте Самар ауданы мәслихатының VIII шақырылымының 35-ші кезекті сессиясы өтті.
Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары және шақырылған тұлғалар қатысты.
Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген мәселелер қаралды. Негізгі назар Самар ауданының әкімі С.Ж. Жеңісовтің және Мариногорка ауылдық округінің әкімі Ж.Б. Ережеповтің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептеріне аударылды.
Сондай-ақ мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт, депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі қаралды.
Бұдан бөлек, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандарды дайындау қорытындылары туралы ақпарат ұсынылды.
Самар ауданы мәслихатының төрағасы Г.К. Шаймарданова атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.
Самар ауданы мәслихатының 35-ші кезекті сессиясының өту барысын мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.https://www.facebook.com/share/v/14pyCqvbo4r/
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-samar/press/news/details/1301008?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау