Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша
сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру.
Құрметті сауда-саттыққа әлеуетті қатысушылар! «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ 202 жылдың 30 қырқүйекте сағат 11:00 мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында бағаны көтеру әдісімен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіндігі туралы хабарлайды. www.gosreestr.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілгенЖер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу тізілім веб-порталында аукцион өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүзеге асырылады және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол өткеннен кейін қатысушылар берілген өтінімді кері қайтарып ала алмайды.
Аукционға қатысу үшін көрсетілген тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнестің сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), бірінші басшының Т.А.Ә., тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
3) кепілдік жарнасын қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоттың деректемелері;
4) байланыс ақпараты (поштаның мекен-жайы, телефон, факс, электрондық пошта).
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-мен қол қойылған қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тізілімнің веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуының негізі болып қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тендер туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі болып табылады.
Автоматты тексерудің нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталы өтінімнің қабылданғаны туралы немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы тізілім веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық поштасына электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукциондық нөмірді пайдалана отырып, аукциондық залға кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен Нұр-Сұлтан қаласының сауда-саттығын өткізу туралы хабарламада көрсетілген уақытта басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы мен жеңімпаз сауда-саттық өткізілген күні ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз мен сатушының сату бағасы бойынша сату объектісін сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалға алу шарты тізілімнің веб-порталында электрондық форматта жасалады және сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып сатушы мен сатып алушы қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сатып алу-сату шартының жобасын сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қол қоюға ұсынады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың деректемелеріне енгізіледі:
Төлем алушы:” Ақпараттық-есептеу орталығы ” АҚ БСН: 050540004455; ТТК: 171; Кбе: 16.
“Қазақстан Халық банкі” АҚ есеп айырысу шоты (IBAN/ЖСК): KZ946017111000000330, БИК: HSBKKZKX
НАЗАР аударыңыз! Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қойылмаған жағдайда, кепілдік жарна жеңімпазға қайтарылмайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған аукционға қатысушыдан бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып аукционға келесі сату объектілері қойылады:
- Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, 12 орам мекен жайында орналасқан, қойма базасының құрылысын салу үшін жер телімі. Жер учаскесінің ауданы 0,05 га. Уақытша жер пайдалану құқығы (3 жыл). Шектеулер мен тиым салу көрсетілмеген. Бастапқы бағасы 36 990 теңге. Кепілдік жарнаның сомасы 216 250,00 теңге (№1 жер учаскесі);
- Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Металлургов көшесі мекен жайында орналасқан, дүкен құрылысын салу үшін жер телімі. Жер учаскесінің ауданы 0,05 га. Уақытша жер пайдалану құқығы (3 жыл). Шектеулер мен тиым салу көрсетілмеген. Бастапқы бағасы 14 585,40 теңге. Кепілдік жарнаның сомасы 216 250,00 теңге (№2 жер учаскесі);
- Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Металлургов көшесі мекен жайында орналасқан, дүкенді салу үшін жер телімі. Жер учаскесінің ауданы 0,05 га. Уақытша жер пайдалану құқығы (3 жыл). Шектеулер мен тиым салу көрсетілмеген. Бастапқы бағасы 19 710,00 теңге. Кепілдік жарнаның сомасы 216 250 теңге (№3 жер учаскесі);
- Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, Абая көшесі мекен жайында орналасқан, техникалық қызмет көрсету станциясын салу үшін жер телімі. Жер учаскесінің ауданы 0,1 га. Уақытша жер пайдалану құқығы (3 жыл). Шектеулер мен тиым салу көрсетілмеген. Бастапқы бағасы 39 420,00 теңге. Кепілдік жарнаның сомасы 216 250,00 теңге (№4 жер учаскесі);
- Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, 004 есептік орам мекен жайында орналасқан, жанар-жағармай құю станциясының құрылысын салу үшін жер телімі. Жер учаскесінің ауданы 0,1 га. Уақытша жер пайдалану құқығы (3 жыл). Шектеулер мен тиым салу көрсетілмеген. Бастапқы бағасы 81 378,00 теңге. Кепілдік жарнаның сомасы 216 250,00 теңге (№5 жер учаскесі);
- Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Шайхина көшесі мекен жайында орналасқан, дүкен құрылысын салу үшін. Жер учаскесінің ауданы 0,05 га. Уақытша жер пайдалану құқығы (3 жыл). Шектеулер мен тиым салу көрсетілмеген. Бастапқы бағасы 22 194,00 теңге. Кепілдік жарнаның сомасы 216 250,00 теңге (№6 жер учаскесі);
- Ұлытау облысы, Қаражал қаласы, Горняк көшесі мекен жайында орналасқан дүкен құрылысын салу үшін жер телімі. Жер учаскесінің ауданы 0,05 га. Уақытша жер пайдалану құқығы (3 жыл). Шектеулер мен тиым салу көрсетілмеген. Бастапқы бағасы 33 527,74 теңге. Кепілдік жарнаның сомасы 216 250,00 теңге (№7 жер учаскесі);
Ұйымдастырушы: “Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі” ММ
Анықтама үшін телефон: 87103226614
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-karazhal/press/news/details/1301007?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау