19 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақжал кентінде кең көлемді сенбілік және ағаш отырғызу акциясы өтті.
Сенбілік аясында Жеңіс саябағына жас шыршалар отырғызылып, саябақ аумағы қоқыстан тазартылды. Экологиялық бастамаға Шет ауданы әкімінің орынбасары Қ. Садықов, Ақжал кентінің әкімі Е. Әбдірәсіл, жергілікті мекеме қызметкерлері, кент белсенділері мен ауыл жастары біркісідей атсалысты.
Ауылды көркейтуге бағытталған бұл шара қоршаған ортаны қорғаумен қатар, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосады. Тазалық пен көркейту жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1300810?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау