«ТУРИЗМ – ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ» ҚАЛАЛЫҚ ТУРИСТІК СЛЁТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Павлодар облысының Ақсу қаласында балалар эко-техно орталығының базасында «Құқық бұзушылықсыз мектеп» қалалық жобасы аясында «Туризм – есірткіге қарсы» атты қалалық туристік слёт өтті.

Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар мен зиянды әдеттердің алдын алу, оқушыларды спортқа, туризмге және белсенді демалысқа тарту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Слётке Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтардағы 17 білім беру ұйымынан 144 оқушы мен педагог қатысты.

Қатысушылар команданы таныстыру, плакат қорғау, туристік кедергілерден өту, алғашқы медициналық көмек көрсету, рюкзакты дұрыс жинау, экологиялық белгілерді тану және туған өлке табиғатын білу бағыттары бойынша сынға түсті.

Жарыс барысында оқушылар командалық жұмыс, өзара көмек, жауапкершілік пен қауіпсіздік дағдыларын көрсетті.

Слёт қорытындысы бойынша:

І орын – Лицей мектебі

ІІ орын – Сарышығанақ орта мектебі

ІІІ орын – Қ. Шүлембаев атындағы орта мектебі

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1301570?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version