Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың республикалық кезеңінің жүлдегері №3 Күршім гимназиясының 6б сынып оқушысы Базарбек Айзере Қазақстан халқы тілдері күніне орай ұйымдастырылған “Ұлт ұстазының ұлағатты жырлары” атты аудандық байқауға қатысып, жүлделі 1 орынды иеленіп, Күршім АББ ӘК меңгерушісі А.Солтанқызының қабылдауында болды. Ұстаздары: Т.Сағиева, С.Елеубаева
Биік белестерді бағындырып, армандарыңа нық қадаммен жете беруіңе тілектеспіз. Әрдайым талабың таудай, жігерің мықты болсын! Жеңістерің көп болып, ата-анаң мен ұстаздарыңның мақтанышы бола бер!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-roo/press/news/details/1301431?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау