2026 жылдың 30 қыркүйегінде сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті елу тоғызыншы сессиясы өтті.
Аудандық мәслихаттың кезекті елу тоғызыншы сессиясына мәслихаттың 6 депутатынан 5 депутат қатысты.Кезекті сессияға Күршім ауданының әкімі Мейржан Канатбекұлы Альбеков, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудандағы мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым, ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессияда келесі мәселелер қаралды:
1.Ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және мәдени-әлеуметтік нысандарының жылыту маусымына дайындығы туралы
Сымбат Амангелдіұлы Дуйсенгазин – аудан әкімінің орынбасары
2.Абай ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі
Талғат Калибекұлы Бактияров – Абай ауылдық округінің әкімі
3.Қалғұты ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есебі
Елжан Бөгембайұлы Мухтарханов – Қалғұты ауылдық округінің әкімі
4.Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы
Достық Даулетшарұлы Катанов – тұрақты комиссиясының төрағасы
5.Күршім ауданының шағын жинақталған мектептердің материалдық техникалық базасын нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы.
Айзада Солтанқызы – ШҚО білім басқармасының Күршім ауданы бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы
6.Күршім аудандық маслихатының 2024 жылғы 4 наурыздағы №19/8-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу
Жасулан Жайлаубайұлы Мәжібаев – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
7.Күршім ауданы Маралды ауылдық округі Маралды ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы
Қуанған Сайпышұлы Қарағызов – аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы
Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.
Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/DmxIL8mfFhw?si=xL3xvniY7Ck9Xx7y
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-maslihat/press/news/details/1301899?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау