ІІМ: Амнистия аясында 2,6 мыңнан астам адамға қатысты шешім қабылданды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     Амнистия аясында 2,6 мыңнан астам адамға қатысты шешім қабылданды.

     1 шілдеде “Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия жасау туралы” Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

     Амнистия тек сотталғандарға ғана емес, сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша тергеудегі адамдарға да қолданылады.

     Бүгінгі таңда ішкі істер органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 2 471 қылмыстық іс бойынша 2 621 адамға амнистия қолданды.

     Оның қолданылу аясы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауды, азаматтардың құқықтарын қамтамасыз етуді көздейтін “Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1301900?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version