1 қазан – Қарттар күнімен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау органдарының ардагерлерін құттықтады.
Азаматтық қорғау органдарында ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарып, азаматтық қорғау жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлерге ерекше ықылас білдірілді. Ардагерлердің ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбегі мен кейінгі буынға қалдырған өнегесі атап өтілді.
Кездесу барысында Ардагерлер ұйымының мерейтойлық медальдары табысталып, ардагерлерге арнайы сыйлықтар тарту етілді. Бұл – олардың көп жылғы еңбегіне көрсетілген құрмет пен ризашылықтың белгісі.
Ардагерлер өз кезегінде жас қызметкерлерге ақ тілектерін білдіріп, қызметте адалдық, жауапкершілік және кәсіби шеберліктің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында ардагерлерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілектері айтылды.
Ардагерге құрмет көрсету – өткенге тағзым ғана емес, жас ұрпаққа өнеге көрсетудің жарқын үлгісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1302007?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау