ЕҢБЕК – ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҮЛГІ
Ауылдық округте «Қазақ КСР-ның мемлекеттік сыйлығының лауреаты» Қ.Бердімағамбетовке арналған «Еңбек – елге мұра, ұрпаққа үлгі» атты тағылымды іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Еңбек адамының өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шара көпшіліктің көңілінен шықты.
Іс-шара аясында ұлттық қолөнер мен мал шаруашылығына қатысты сайыстар ұйымдастырылды. Шараға Қарақұм ауылдық округінен Ерімбетжаға ауылынан келіп қатысты.
1.Қой қырқудан шеберлер жарысы. Қолдары епті, қайшылары өткір азаматтар ептіліктерін көрсетіп, ең үздік қырқымшы анықталды.
2. Ұршық иіруден сайыс. Ақ жаулықты аналарымыз ұршық иіріп, жас келіндерге өнеге көрсетті. Бұл – ұмыт бола бастаған дәстүрді қайта жаңғыртудың жарқын үлгісі болды.
3. Ақындар мүшәйрасы.Жыр дүлдүлдері Қ.Бердімағамбетовтің еңбек жолын, еңбектің қадірін жырға қосып, көпшілікті рухтандырды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, 1, 2, 3-орындарға ақшалай сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді. Ешкім сый-сияпатсыз қалмады.
Шара соңы ән-шашумен жалғасып, ауыл өнерпаздары әуелеткен әндер мен күйлер көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Осындай еңбекті дәріптейтін, ұрпаққа өнеге болатын іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-zhinishkeqym/press/news/details/1302008?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау