АТЫРАУЛЫҚ ӘКЕЛЕР ПАТРУЛЬГЕ ШЫҚТЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған “Әкелер патрулі” Білім беру басқармасының «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Басты мақсат – балалардың түнгі уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ата-аналар қауымдастығының белсенді қатысуын арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және ата-аналардың бала қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін күшейту.

Патрульдік шараға Атырау қаласының 5 шағын ауданынан 38 әке және Атырау қалалық Полиция басқармасының 12 қызметкері қатысты. Олар қоғамдық орындар, балалар мен жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарды аралады.

Әкелер кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруі, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы және балалардың мезгілсіз уақыттан ойын-сауық орындарында жүруін бақылауға алды.

Сонымен қатар ата-аналармен және нысан әкімшіліктерімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіді. Оларға кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты талаптар түсіндіріліп, ата-аналардың бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жауапкершілігі туралы айтылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрген 9 жасөспірімнің ата-анасына және 2 нысан әкімшісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/1302294?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version