Облыс аумағында төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету, қауіпсіздік ережелерін сақтау және жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндіру жөнінде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Солардың бірі, Жәнібек және Қаратөбе аудандарында бөбекжай-балабақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушыларына тұрмыстағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері, өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері түсіндірілді.
Өрттің алдын алу және төтенше жағдайлар туындаған кезде дер кезінде әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zko/press/news/details/1301840?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау