Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жастармен мотивациялық кездесу өткізді.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жастармен мотивациялық кездесу өткізді.

Кездесу барысында Н. Абдезов өзінің еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесі туралы айтып, мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік, адамға қызмет ету және ел болашағына үлес қосудың маңызын атап өтті.

Адам құқықтары тақырыбы да кеңінен қозғалды. Жастар өз құқықтарын білу ғана емес, өзгенің құқығын құрметтеу — азаматтық мәдениеттің негізі екенін талқылады.

Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі — «Адал азамат» ұғымы.
Адал азамат — сөзіне берік, ісіне жауапты, заңды құрметтейтін, әділдікті ту еткен және қоғам игілігіне қызмет ететін тұлға.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1301839?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version