28-30 қыркүйек аралығында Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары тұрғындар арасында мал ұрлығының алдын алу және ауыл шаруашылығы жануарларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға жануарларды уақтылы біркалау, паспорттау және белгіленген тәртіппен есепке қоюдың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ жайылымдағы малдың орналасқан жерін бақылау үшін GPS-трекерлерді пайдалану мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Ерекше назар малды ұйымдасқан түрде жаю ережелерін сақтау және жануарларды қараусыз қалдырмау қажеттілігіне аударылды. Тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу шаралары, заңнама талаптары және малдың сақталуына жауапкершілік туралы ескертілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1301731?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау