ҚАНТ ДИАБЕТІ КЕЗІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен ағзадағы инсулин гормонының жетіспеуінен не оны дұрыс пайдалана алмау салдарынан қандағы қант мөлшерінің көбейіп кетуімен сипатталатын созылмалы эндокриндік ауру.
Қант диабеті инсулинге тәуелді, инсулинге тәуелсіз болып 2 түрге бөлінеді. Ең басты себептердің бірі — тамақтану салтының өзгеруі,көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану.Тұқым қуалаушылық-тың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп тара отыр.
Негізгі түрлері
1-типті диабет: Ұйқы безі инсулин шығармайды, көбінесе балалар мен жасөспірімдерде кездеседі, инсулин қабылдауды қажет етеді.
2-типті диабет: Ағза инсулинді жеткіліксіз бөледі немесе оған төзімді болады, көбінесе 40 жастан асқан адамдарда кездеседі.
Мүгедектік тағайындай процесі қалай жүргізіледі?
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары туралы» №260 бұйрығы негізінде. Қағидаға сәйкес куәландырылатын адамда МӘС оның тұрақты тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның ДКК 31/ е нысанындағы жолдамасы болуы қажет. МӘС жүргізіледі:
1) тиісті өңірдің МӘС бөлімдерінде және (немесе) МӘС әдіснама және бақылау бөлімдерінде;
4) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде және тергеу изоляторында;
5) үйінде көрсетіледі;
7) сырттай проактивті.
Медициналық ұйымдар тіршілік-тынысының шектелуіне алып келетін ауруға байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.
МӘС жүргізу қорытындысы бойынша тыныс-тіршілігі санаттарының бірінің (өзін-өзі күту, жүріп-тұру,еңбек қабілеті) шектелуіне әкеп соқтыратын организм функцияларының тұрақты бұзылуы болмаған жағдайларда мүгедектік және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленбейді.
Сараптама қанша уақыт ішінде жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі :
1. Қызмет алушы көзбе- көз жүгінген күні;
2. Сырттай проактивті куәландыру кезінде МӘС актісінің жобасы эксаумақтық сарапшыға келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
Куәландырылатын адам немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген кезде оны алған күннен бастап үш айдан кешіктірмей әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға шағым береді.
Мүгедектік мынадай мерзімдерге:
жеті жасқа дейінгі адамдарға , жеті жастан он сегіз жастағы адамдарға .
он сегіз жастан асқан адамдарға – 6 айға, 1 жылға, 2 жылға, 5 жылға немесе қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленеді.
* Cырттай проактивті куәландыруға 18 жасқа дейінгі балалар инсулинотерапия ,помпа арқылы инсулин алушылар 1-типті қант диабеті;2-типті қант диабеті, қант диабетінің басқа қайталама типтері;
Ересектер қант диабеті салдарынан екі аяқтың сан, жіліншік оның ішінде Пирогов бойынша аяқ басы деңгейіндегі ампутациялық тұқылы; санның кесілген тұқылымен ұштасуы
Азаматтарға МӘС бойынша қандай кеңес берер едіңіз?
Көп жағдайларда азаматтар «бірнеше ауруым бар, маған неге мүгедектік тағайындалмайды?»- деп реніштерін білдіріп жатады. Алдымен мүгедек адам мен оған мүгедектік қай уақытта тағайындалатынын жіті түсініп алған дұрыс сияқты. Нәтижесінде жақсарулар болып, қайта куәландыру барысында мүгедектік тағайындалмайды. Бірақ учаскелік дәрігер бақылауында тұрады.
Сондықтан азаматтарға денсаулықтарыңызға қарап, үнемі емдеу профилактикалық шараларды қабылдап ауруды асқындырмай дер кезінде ем алып жүріңіздер дейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-shymkent/press/news/details/1301730?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version