Алдын алудың жаңа форматы: қауіпсіздік – қозғалыста

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шымкентте тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар жаңа форматта ұйымдастырылды.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті LED-мобиль арқылы қала көшелерінде тұрғындарға өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және қауіп туындаған кездегі дұрыс әрекет ету тәртібін еске салды. Сонымен қатар, LED-экранда құтқарушылар туралы имидждік ролик көрсетілді.

Мұндай формат профилактикалық ақпаратты тұрғындарға қолжетімді әрі көрнекі түрде жеткізіп, қауіпсіздік мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік береді.

Департамент тұрғындарға маңызды ақпаратты түсінікті әрі тиімді жеткізуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды және заманауи форматтарды енгізуді жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1303178?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version