Қазақстан мен Латвия дипломатиялық диалогты жалғастыруда

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 30 қыркүйек пен 1 қазан, Рига қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Дәурен Кәріпов Латвия Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жаңадан тағайындалған басшыларымен – Мемлекеттік хатшының орынбасары – Саяси директор Юрис Пойканс және Екіжақты қатынастар дирекциясының Бас директоры Каспарс Озолиньшпен кездесті.

Кездесулер барысында Қазақстан мен Латвия арасындағы екіжақты және көпжақты форматтардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ стратегиялық диалогы аясындағы өзара іс-қимыл талқыланды. Көлік және логистика, сауда-экономикалық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы нақты бірлескен жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан-Латвия қатынастарына қосымша серпін беру мақсатында оның ішінде ресми және іскерлік делегациялар алмасу арқылы күш-жігерді жандандыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/press/news/details/1303177?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version