Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызмет қағидаларына» сәйкес жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар арнайы әлеуметтік қызметтерді күндізгі уақытта (күніне төрт сағаттан он сағатқа дейін) көрсетеді.
Қабылдауға көрсетілімдер:
1. 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар:
-
жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;
-
ауыр және терең дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;
-
әртүрлі этиологиядағы деменция.
2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде 1,5 жастан бастап тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар:
жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер алуды қажет ететін адамдар.
3. 18 жастан асқан адамдар:
-
жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;
-
ауыр және терең дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;
-
тұрақты ақау немесе деменция болған кездегі психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;
-
әртүрлі этиологиядағы деменция;
-
деменция болған кездегі эпилепсия.
Медициналық қарсы көрсетілімдер:
-
айына бес және одан да көп рет болатын жиі эпилепсиялық ұстамалар, сериялық жайылған ұстамаларға және эпилепсиялық статусқа бейімділік;
-
өзіне және (немесе) айналасындағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, жедел психоздық симптоматика;
-
тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар мен балалар үшін – орташа және ауыр дәрежедегі ақыл-ой кемістігі және компенсацияланбаған гидроцефалия;
-
үдерістің белсенді сатысындағы туберкулез, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, ЖИТС және жыныстық жолмен берілетін аурулар;
-
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін аурулар.
Оңалту орталықтарында кейбір жағдайларда қызмет алушылардың түнгі уақытта болуы қамтамасыз етіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1303301?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау