МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРҒА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) МҮГЕДЕКТІГІ БАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖӘНЕ КҮНДІЗГІ БОЛУ ОРТАЛЫҒЫНА ҚАБЫЛДАУҒА КӨРСЕТІЛІМДЕР МЕН ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 бұйрығымен бекітілген «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызмет қағидаларына» сәйкес жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар арнайы әлеуметтік қызметтерді күндізгі уақытта (күніне төрт сағаттан он сағатқа дейін) көрсетеді.

Қабылдауға көрсетілімдер:

1. 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар:

  • жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;

  • ауыр және терең дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;

  • әртүрлі этиологиядағы деменция.

2. Тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде 1,5 жастан бастап тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар:
жартылай стационар жағдайында арнайы әлеуметтік қызметтер алуды қажет ететін адамдар.

3. 18 жастан асқан адамдар:

  • жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;

  • ауыр және терең дәрежедегі ақыл-ой кемістігі;

  • тұрақты ақау немесе деменция болған кездегі психикалық және мінез-құлық бұзылыстары;

  • әртүрлі этиологиядағы деменция;

  • деменция болған кездегі эпилепсия.

Медициналық қарсы көрсетілімдер:

  • айына бес және одан да көп рет болатын жиі эпилепсиялық ұстамалар, сериялық жайылған ұстамаларға және эпилепсиялық статусқа бейімділік;

  • өзіне және (немесе) айналасындағыларға қауіп төндіретін психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, жедел психоздық симптоматика;

  • тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар мен балалар үшін – орташа және ауыр дәрежедегі ақыл-ой кемістігі және компенсацияланбаған гидроцефалия;

  • үдерістің белсенді сатысындағы туберкулез, карантиндік инфекциялар, тері мен шаштың жұқпалы аурулары, ЖИТС және жыныстық жолмен берілетін аурулар;

  • мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді қажет ететін аурулар.

Оңалту орталықтарында кейбір жағдайларда қызмет алушылардың түнгі уақытта болуы қамтамасыз етіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1303301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді