Ақмола облысының білім беру ұйымдары «Қазақстан халқына» қоры ұйымдастырған «Жақсылық жалғасады» республикалық байқауында жүлделі орындарға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша Ақкөл қаласындағы Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп бірінші орынға ие болды.
Облыстың өзге де білім беру ұйымдары байқау номинацияларында жоғары нәтиже көрсетті. Егіндікөл ауданының Үзынкөл ауылындағы жалпы білім беретін мектеп бірінші орын алса, Целиноград ауданының Мортық ауылындағы негізгі орта мектеп екінші орынға ие болды.
Байқау жеңімпаздарына «Қазақстан халқына» қоры тарапынан жүлде ретінде толық жабдықталған спорт алаңы мен воркаут аймағы жасалады. Бұл нысандар балалардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай қалыптастырып, олардың белсенді өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.
«Бұл қайырымдылық қолдау балалардың спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар ауылдық елді мекендердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға өз үлесін қосады», — деді Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Айгүл Шакшакова.
Байқау қорытындысы білім беру ұйымдарының бастамалары мен қайырымдылық қолдаудың ұштасуы балаларға жаңа мүмкіндіктер ашып, мектеп ортасын дамытуға ықпал ететінін көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1303814?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау