Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында теннистен жартылай финал матчтары өтіп жатыр.
Әйелдер арасында жұптық сында Юлия Путинцева мен Анна Данилина финал жолдамасын Тайпей өкілдері Эн Шуо Лиан және Су-вэй Хсиемен сарапқа салды. Аса тартысты өтіп, тай-брейкке дейін созылған ойында қарсыластар басым түсті. Есеп: 6-7 (3-7), 6-7 (5-7).
Осылайша, Анна мен Юлия Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл теннистен Қазақстан командасының еншісіндегі 2-медаль. Осыған дейін Юлия Путинцева жекелей сында қолаға қол жеткізген.
Фото: Никита БАСОВ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1303813?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау