«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Қарағанды облысының прокуратурасы өңірдің қоғамдық кеңістіктерін көгалдандыру және абаттандыру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді.
Мемлекет басшысы қоғамда жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыруға назар аударып, бұл — Конституцияда көрсетілген аса маңызды міндет екенін атап өтті.
Теміртау қаласында қала прокуратурасының бастамашылығымен, Теміртау қаласының әкімдігі және «Qarmet» АҚ қолдауымен жаңадан абаттандырылған «Жасыл Теміртау» алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аумаққа 2 000-ға жуық ағаш отырғызылып, 80 парктік шамдар орнатылды, 25 ұзын орындықтар, перголалар және балалар ойын алаңы жабдықталды. Жаңа қоғамдық кеңістік тұрғындардың демалуына, серуендеуіне және қоғамдық іс-шараларды өткізуге арналған.
Салтанатты ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ермағамбет Бөлекпаев, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, мемлекеттік органдардың, еңбек ұжымдарының өкілдері, ақсақалдар, жастар және қала тұрғындары қатысты.
Сондай-ақ, Қарағанды қаласында болашақ экопаркті көгалдандыру мақсатында облыс прокурорының қатысуымен қарағай көшеттерін отырғызу ұйымдастырылды.
Қалалық ортаны абаттандырудың тек экологиялық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар екендігі атап өтілді. Қолайлы қоғамдық кеңістіктерді құру азаматтарда тазалық мәдениетін, табиғатқа және туған қалаға деген ұқыпты көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Қарағанды облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1303440?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау