ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІНДЕ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Кеген ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге арналған тағылымы мол, мерекелік кеш өтті. Ізгілік пен мейірімге, үлкенге құрмет пен кішіге ізетке үндейтін тағылымды шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Мұхтар Батырханұлы, аудан әкімінің орынбасары Қабылбеков Кеңес Күнесбайұлы, Кеген ауылдық округінің әкімі Ысқақ Ернат Сембекұлы қатысып, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарды мерейлі мерекемен құттықтады. Құттықтау барысында елдің бірлігі мен берекесін арттыруға, кейінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан аға буынның орны ерекше екені атап өтілді. Шара барысында ақсаладарымыз батасын берді. Мерекелік кеш әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, әсем әндер жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1303457?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version